USD
USD
USD

Бүгін Бахрейнде ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталады

Бүгін Бахрейн астанасы Манамада ауыр атлетикадан әлем чемпионатының алауы тұтанады.

Ауыр атлетика
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жаһандық додаға биыл әлемнің 92 елінен 471 ауыратлет қатыспақ. Олардың қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары да бар. Манамадағы толағайлар тартысында ел намысын ерлер – 10, әйелдер – 5 салмақ дәрежесінде қорғайды.

Былтыр Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы әлем чемпионатына 12 отандасымыз бақ сынап, өкінішке қарай, олардың бірде-біреуі жүлдегерлер қатарынан көріне алмаған еді. Ал 2022 жылы Колумбияның Богота қаласында өткен жаһандық додада жерлестеріміз бір күміс, бір қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 14-орынға тұрақтаған болатын.

Сол жылы ел құрамасынан 96 келіде өнер көрсеткен Нұрғиса Әділетұлы ел қоржынына – күміс, 73 келіде сынға түскен Алексей Чуркин қола жүлде салған еді. Нұрғиса Әділетұлы қоссайыста 383 (174+209) келіні еңсерсе, Алексей Чуркин 343 (153+190) келі зілтемірді басынан асыра көтерген болатын.

Манамадағы биылғы аламанда екі отандасымыз да бақ сынап, екі жыл бұрынғы нәтижелерін жақсартуға тырысады.

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы:

67 кг: Ақмолда Сайрамкез

81 кг: Александр Уваров

81 кг: Алексей Чуркин

89 кг: Денис Уланов

86 кг: Денис Полубояринов

96 кг: Кирилл Староверкин

96 кг: Нұрғиса Әділетұлы

102 кг: Артем Антропов

109 кг: Андат Самарқанов

109 кг: Мейрам Сұлтан

Қазақстан әйелдер құрамасы:

64 кг: Карина Горичева

71 кг: Арай Нұрлыбекова

76 кг: Аянат Жұмағали

76 кг: Айша Омарова

+87 кг: Любовь Ковальчук

Айта кетейік, Бахрейндегі әлем чемпионаты 6-15 желтоқсан күндері өтеді. Ел құрамасынан жарыс жолына бірінші болып 8 желтоқсан күні Ақмолда Сайрамкез шығады.

Қазір оқып жатыр

АҚШ және Иран президенттері соғысты тоқтатуға бағытталған келісімге қол қойды

АҚШ пен Иран келісімі

Футболдан әлем чемпионаты: Өзбекстан құрамасы дебюттік матчында Колумбиядан жеңілді

Футбол

Өзбекстан Футболдан әлем чемпионатына орай коллекциялық монеталар шығарады

Өзбекстан

Астананың Триатлон саябағында көгалды өртеді деген күдікпен төрт жасөспірім ұсталды

Триатлон саябағы