2 Қараша 08:51
...

Бүгін ауа райы қандай болады?

көктайғақ
Фото: ғаламтордан

«Қазгидромет» РМК 2 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің 15 өңіріне ескерту жасады.

Алматы, NEGE. Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, ал күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, сондай-ақ орталығында оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағандыда көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі, батыстан, оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні - 17-22 м/с.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с, облыстың солтүстігінде 28 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, сондай-ақ орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда түнде көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен таңертең және күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, батысында көктайғақ болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда түнде көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, сондай-ақ орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.