USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. 

Ауа райы
Фото: pinterest.com

Алматы, NEGE. 1 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райына Скандинавия түбегінің келген циклон әсер етеді. Осыған байланысты ауа райының құбылмалы болып: елдің солтүстігінде, солтүстік батысында, орталығында, шығысында бұрқасын соғып, екпінді желмен қар жауады.

Елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік шығысында қар аралас жаңбыр жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Күндіз шығыста, Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жылдамдығы 30 м/с және одан қатты жел соқуы мүмкін.

Астанада күн ала бұлтты, қар жауады. Күндіз ауа температурасы -5-7°C, желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20м/с-ге жетеді.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +1+3°C, желдің жылдамдығы 2-7м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты, қар жауады. Күндіз ауа температурасы +3+5°C, желдің жылдамдығы 5-10м/с.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат