Бүгін ауа райы қандай болады?
Бүгін республиканың басым бөлігінде қарлы боран соғады.
Алматы, NEGE. Қазгидромет РМК 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде қарлы боран соғады, батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.
Республика бойынша желдің күшейіп, тұман түседі, оңтүстік пен батыста көктайғақ болады.
Астанада күн ала бұлтты, қар жауады. Күндіз ауа температурасы -4-6°C, желдің жылдамдығы 7-12 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +3+5°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +4+6°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.
Қазір оқып жатыр
Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?
Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті
Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды
Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды