USD
USD
USD

Бүгін астаналықтар қала күні мерекесін атап өтіп жатыр

«Астана күні» жыл сайын мемлекеттік деңгейде кеңінен аталып өтеді. Биыл да елорда әкімдігі қала күніне орай 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырып отыр, деп хабарлады kazinform.

Мереке
Фото: ult.kz

Алматы, NEGE. 5-7 шілде аралығында елордада «Еуразия театры» халықаралық көше театрларының фестивалі өтуде. Іс-шараға эстониялық, польшалық, ресейлік және қазақстандық театр ұжымдары мен әртістер қатысады.

6 шілдеде сағат 11:00–де халықаралық көше театрлары фестиваліне қатысушылардың шеруі өтеді. Ол қала алаңынан басталып, Орталық саябаққа дейін жалғасады.

7 шілдеде сағат 14:00–ден бастап Орталық саябақта фестиваль қатысушыларының театрландырылған қойылымдары өтеді. Сағат 17:00–де фестиваль аяқталады.

6 шілде күні сағат 20:00–де Амфитеатрда Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің қатысуымен «Астана — арман қала» мерекелік концерті өтеді. Іс-шараға белгілі өнер қайраткерлері мен эстрада жұлдыздары Майра Ілиясова, Қанат және Света Айтбаевтар, Арайлым Рахимқызы, Гүлнұр Оразымбетова, Зарина Омарова, Мұратбек Хайролда, Фарида Жолдасова, Әкімхан Мәженов, Алтыншаш Мұқатаева, сондай-ақ DJ Dake және «ALEM» заманауи би балеті қатысады.

6 шілде күні сағат 11:00–де және сағат 15:00–де қала шетіндегі тұрғын алаптарда елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған «Астана — жүрегім» концерті өтеді. Мерекелік іс-шарада Мәди Қадыров, Гүлнұр Оразымбетова, Досымжан Таңатаров, Медет және Клара Салықовтар, Бауыржан Исаев және қазақстандық эстраданың басқа да жұлдыздары өнер көрсетеді.

6, 7 және 8 шілдеде сағат 12:00–ден бастап қала қонақтары мен тұрғындары үшін Орталық саябақта «Mereke stree» жазғы жобасы жұмыс істейді. Бұл — шеберлік сыныптары мен ашық аспан астындағы кинотеатры бар барлық жастағы азаматтарға арналған Отбасылық демалыс фестивалі.

6 шілдеде сағат 18:00–де ЭКСПО алаңында OPEN AIR ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтеді. Іс-шарада отандық эстрада жұлдыздары Ninety one, Orda, Raim, Sadraddin, Kalifarniya, Nazima, Alpha, T’OI, Imzi, Құрмаш Махан, Jazzdauren және басқа да әртістер өнер көрсетеді. Концерт аяқталғаннан кейін шамамен сағат 22:15–те (22:30) «ASPAN» дрон-шоуы жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның екі самбошысы допинг-тестен өтпей қалды

Жалғас Жұмағалиев, Ерасыл Қабдулманап

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы үш жылға сотталды

блогер соты

Қазақстандықтарға кейбір көлік түрін Ресей азаматтарына сатуға тыйым салынды

Электромобиль

Тоқаев Кипр президентіне І дәрежелі «Достық» орденін табыс етті

Тоқаев