USD
USD
USD

Бүгін Алматы метрополитенінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Бүгін 22 мамыр күні Беларусь көшесі, 15 мекенжайында орналасқан Алматы метрополитені депосының аумағында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы терроризмге қарсы жедел штабы.

Метро Алматы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Оқытудың мақсаты – адам көп шоғырланған жерлерде террористік қауіп-қатер туындаған кезде өзара әрекеттесу дағдыларын машықтандыру.

– Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сондай-ақ ресми ақпарат көздерін басшылыққа алып, жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз,– делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапқа әкеліп соқтыратынын ескеру қажет.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай