USD
USD
USD

Бүгіннен бастап күн суытады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады.  Кей жерлерде жауын-шашын болады (көбіне қар), жел күшейеді, тұман түседі, бұрқасын соғады», – делінген ҚазТАГ таратқан хабарда. 

Бүгіннен бастап күн суытады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -28-30, күндіз -21-23. Алматыда көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Солтүстік-батыстан 0-5 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +3+5.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кейде жауын-шашынды (көбіне қар), Батыстан, солтүстік шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3, күндіз +7+9.

Жамбыл облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман түседі, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +1+6, түнде 0-5.

Қызылорда облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз 0-5 (оңтүстігінде +5), түнде -5-10.

Түркістан облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, тұман, көктайғақ. Күндіз +4+9, түнде -1+4.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады, түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз -14-19, түнде -17-22.

Алматы облысында күндіз аздаған қар арлаас жаңбыр ажуады, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде 0-5.

Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде бұрқасын соғады. Күндіз 0-5, түнде -2-7.

Маңғыстау облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде 0-5.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, кей жерлерде бұрқасын. Күндіз -18-23 (оңтүстігінде -11), түнде -22-27 (оңтүстігінде -11-16).

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, кей жерлерде бұрқасын соғады. Күндіз және түнде -15-20..

Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады. Күндіз -20-25, түнде –25-30.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -2-7, түнде -10-15.

Қостанай облысында да кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -20-25, түнде -25-30.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -20-25, түнде -25-30..

Павлодар облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -20-25, түнде -25-30.

«Алдағы күндері республиканың солтүстігнідегі, орталығындағы, шығысындағы таулы өзендерінде мұз қату жалғасады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы жекелеген өзендерде су көлемінің құбылуы күшейеді», – дейді синоптиктер.

Қазір оқып жатыр

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен

Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды

Маңғыстау облысы

Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?

Әлібек Қуантыров