Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бүгіннен бастап қос палата депутаттары демалыста

Парламенттің бірлескен отырысында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин қаңтар айында сайланған 7-ші шақырылымның алғашқы сессияда атқарған жұмысы туралы есеп берді.

Бүгіннен бастап қос палата депутаттары демалыста
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы жабылды. Бастапқыда түскен 104 заң жобасының бүгінде 63-і қабылданды. 58-не Қазақстан Президенті қол қойып, олар заңды күшіне еніп те үлгерген. Елеулі жобалар қатарында. Еліміздегі сайлау туралы және жер қатынастарына қатысты заң жобалары. Ендігіде ауыл әкімдерін халықтың өзі сайлайды. Сайлау бюллетеніне бәріне қарсымын деген жол енгізілмек.

Сонымен қатар, жаңа өзгерістерге сәйкес, бұдан былай шетел азаматтарына жер сатылмайды да, жалға да берілмейді. Жалпы, бірінші сессияда мәжіліс депутаттары 233, ал сенат депутаттары тарапынан 45 сауал жолданды. Тағы 35 заң жобасы қарауда. Келесі сессияда 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет, жастар саясаты, өнеркәсіпті дамыту, Семей ядролық полигонына қатысты заң жобалары қарастырылады.  

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық