USD
USD
USD

Бүгіннен бастап карантин күшейтіледі

18 сәуірден бастап карантин талаптары қатайтылады, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Бүгіннен бастап карантин күшейтіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұндай шешім бүгін Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдолла Әріповтың төрағалығымен өтткен Коронавируспен күрес бойынша республикалық комиссияның кеңейтілген отырысында қабылданды. «Біз әзірге шекараны жапқан жоқпыз, біліп қойыңыздар! Себебі біз барлық қызметтерді тоқтатуға негіз болатын қауіпті көріп отырған жоқпыз. Бірақ ауру тарала бастады. Егер жыл басында күніне 15 жағдай анықталса, қазір бұл көрсеткіш 300-ге жетті», - деді Абдолла Әріпов. Осыған байланысты 18 сәуірден бастап ірі сауда орталықтарында, дүкендерде, базарларда, концерттік мекемелер мен көңіл-көтеру орындарында карантиндік бақылау күшейтіледі. Атап айтқанда, келушілер қолдарын антисептикпен зарарсыздандырады, тиісті ұйымдар медициналық масканың болуын және әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылайтын болады.

Сондай-ақ, коронавирус жағдайлары анықталған мектептер мен балабақшалар екі апталық карантинге жабылады. «Инфекция 6-7 пайызға – жоғарғы оқу орындарында, 11-15 пайызға орта білім беру мекемелерінде таралуда. Егер өткен жылғы жағдаймен салыстыратын болсақ, ол кезде оқушылар бұл ауруды жұқтырмаған еді. Жыл басында балалар арасында «британдық штамм» таралды, сол себепті де біз бірқатар мектептер мен балабақшаларды жабуға мәжбүр болдық. Бүгінгі таңда ауру түрі өзгерген, одан әрі қауіпті бола түсті. Егер бұрын ауру балаға жоламаса, қазір бәрі керісінше. Тіпті мектеп жасына дейінгі кішкентай балалар да ауру жұқтыруы мүмкін. Бізге «африкалық штамм» кірді. Қазір озық технологиялар орталығы Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық қызметімен бірлесіп зерттеу және терең талдау жүргізуде», - деді Өзбекстан премьер-министрі.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай