Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бүгіннен бастап еліміздің бірқатар өңірінде карантиндік шектеулер күшейеді

Қазақстанның бірқатар өңірінде бүгіннен бастап карантиндік шектеу шараары күшейеді.

Бүгіннен бастап еліміздің бірқатар өңірінде карантиндік шектеулер күшейеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгіннен бастап Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңа карантиндік шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 9 қарашадан бастап Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында карантин шаралары күшейтілді. Атап айтсақ, 9 қарашадан бастап Петропавл қаласының периметрі бойынша 5 блокпост қойылды. Олар Мамлютка қаласы, Бескөл ауылы, Булаев қаласы, Солнечный шағын ауданы және Шаховское елді мекені бағыттары бойынша орналасады. Сонымен қатар, Қостанай облысында да карантин шаралары қайта күшейді. Бүгін өңірде 12 санитарлық бекет орнатылды. Санитарлық бекет орнатылған аумақтарға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы барды. Оның айтуынша, соңғы күндері облыста эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті.

Осыған байланысты covid-19 ауруының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында облыстық жедел штаб 9 қарашадан бастап 2 апта мерзімге карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдады. 9 қараша сағат 00.00-ден бастап өңірде 12 санитарлық бекет жұмысын бастады. Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 6 қарашадағы №13 қаулысына сәйкес 9 қарашадан бастап Павлодар қаласына адамдар себепсіз кіре алмайды. Қаулыға сәйкес Павлодар қаласына кіре берісте блокпостар қойылады. Сондай-ақ, бірқатар ұйымдардың жұмыс уақыты қысқарады. Қаулының толық мәтінімен мына жердан танысуға болады.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz