USD
USD
USD

Бүгіннен бастап Amazon веб-сервисінің технологиялары e-Gov қызметінде пайдаланылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Amazon корпорациясының вице-президенті Сьюзан Пойнтермен кездесті.

Бүгіннен бастап Amazon веб-сервисінің технологиялары e-Gov қызметінде пайдаланылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлемдегі ірі технологиялық компанияның өкілімен әңгімелесу барысында «бұлтты» технологияларды дамытуға және дата-орталықтар құрылысына қатысты өзара тиімді ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды.

 Президент Қазақстанның электронды үкімет саласындағы жетістіктеріне назар аударып, цифрлық саланы одан әрі жетілдіру үшін елімізге өз санатындағы ең мықты инфрақұрылымдық шешімдер қажет екенін атап өтті.

Сьюзан Пойнтер компанияның Қазақстанмен арадағы ықпалдастықты нығайтуға және келешекте бүкіл Орталық Азия аймағын қамтуға ниетті екенін жеткізді. Кездесу аясында Қазақстанның Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі («ҰАТ» АҚ) мен Amazon Web Services арасында Outpost «бұлтты» технология шешімін сатып алу және оны QazTech платформасымен интеграциялау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойылды.

Бұл қадам жаһандық алпауыт елдердің дата-орталықтарын Қазақстанда орналастыруға және еліміздің өңірлік IT-хаб ретіндегі әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді.

«Бүгін Президентіміз Amazon корпорациясының басшылығымен кездесті. Кездесуде ұлттық технологиялардың, ІТ-саласының цифрландыруды дамытуға қалай әсер ететіні талқыланды. Нақты айтсақ, Amazon веб-сервисінің Outpost дейтін шешімінің Қазақстанның eGov.kz порталының сервистерінде бұлтты технология арқылы қолданылуы талқыланды және келісімшартқа қол қойылды. Яғни, бүгіннен бастап, Amazon веб-сервисінің технологиялары e-Government-тің бірнеше қызметінде пайдаланыла бастайды», - деді Бағдат Мусин.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс