USD
USD
USD

Бүгінгі ауа-райы

 Сәрсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Бүгінгі ауа-райы
Фото: NEGE.kz


Aлматы. NEGE. «Оңтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипатын сақтайды, кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейеді, солтүстігінде - тұман», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан түнде 5-10, күндіз 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +16+18.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +29+31, түнде +16+18.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +17+19.
Ақмола облысында жаңбыр жауады, найзағай, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +25+30, түнде +13+18.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +27+32, түнде +8+13.
Қарағанды облысында жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +25+30 (оңтүстігінде +34), түнде +13+18 (оңтүстігінде +21).
Алматы облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +14+19.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +15+20.
Павлодар облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз +29+34, түнде +15+20.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +19+24.
Қостанай облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін тұман түседі. Күндіз +17+22 (оңтүстігінде +25), түнде +5+10 (оңтүстігінде +15).
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел күшейеді, бұршақ болуы мүмкін. Күндіз +16+21, түнде +7+12.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Күндіз +25+30 (оңтүстігінде +33), түнде +18+23 (солтүстігінде +14).Атырау облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +15+20.
Қызылорда облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел күшейеді, кей жерлерде дауыл соғады, төтенше өрт қауіптілігі күтіледі. Күндіз +33+38, түнде +17+22.
Ақтөбе облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +18+23 (оңтүстігінде +26), түнде +8+13 (оңтүстігінде +16).
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +22+27 (оңтүстігінде +30), түнде +10+15 (оңтүстігінде +18).
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі», - деп ескертті синоптиктер

Қазір оқып жатыр

Екі төреші Қазақстан Премьер-лигасының матчтарынан уақытша шеттетілді

Футбол

Желіде жағымсыз пікір қалдыру жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін – Бас прокуратура

Смартфон

Алматыдағы жол апаты: Zeekr жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді

жол апаты

Жеке дәріхана қызметкерлеріне қатысты 13 қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды