USD
USD
USD

Бүгінгі ауа райы: Жаңбыр, қар, жел, тұман

  Қазгидромет 13 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгінгі ауа райы: Жаңбыр, қар, жел, тұман
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сәрсенбіде антициклон республиканың басым бөлігіне әсерін сақтайды, сондықтан көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік пен шығыста қар жаууы ықтимал. Ал еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі, оңтүстігінде және батысында шаңды дауыл, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік шығысында тұман күтіледі. Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында күндіз шаңды дауыл көтеріледі, желдің жылдамдығы 23 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аудандарында жел тұрады - 15-20, екпіні 23 м/с. Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында, күндіз Атырау облысының батысы мен орталығында жел 17-22 м/с, Атырау облысында шаңды дауыл күтіледі. Қызылорда облысының орталығында жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, түнде Павлодар облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман түсуі ықтимал.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы