USD
USD
USD

Бүгінгі ауа райы: Тұман, көктайғақ

 Еліміздің бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бүгінгі ауа райы: Тұман, көктайғақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 13 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Оралда ертең түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Түнде облыстың шығысында тұман түсуі мүмкін. Қарағанды қаласында ертең күндіз жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін. Қызылорда қаласында кей уақытта тұман түседі. Маңғыстау облысының батысында және орталығында тұман түсуі ықтимал. Ақтауда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің оңтүстік жартысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ертең елордада кей уақыттарда жаяу бұрқасын соғалы, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. 

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан