USD
USD
USD

Бүгінгі ауа райы: Найзағай, бұршақ, жел

Қазгидрометтің мәліметінше, бүгін еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. 

Бүгінгі ауа райы: Найзағай, бұршақ, жел
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді және бұршақ жауады. Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Жел күшейеді, оңтүстікте, таулы аудандарда жел екпіні - 17-22, облыстың шығысында - 24-29 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, жел қарқыны түнде солтүстікте, батыста - 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде - 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, солтүстігінде түнде жел - 15-20, күндіз басым бөлігінде - 15-20, күндіз екпіні - 23 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, желдің күші - 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, түнде облыстың батысында жел қарқыны - 15-20, күндіз - 15-20, 25 м/с. Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл тұрады. Жел екпіні - 15-20 м/с. Жамбыл ​​облысының оңтүстігінде, шығысында, тау және таулы аудандарда найзағай, бұршақ, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қызылорда облысының орталығында желдің күші - 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады. Шығыс Қазақстанның облысының Жарма, Катон-Қарағай аудандарында, Қызылорда облыстының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді