Бүгінгі ауа райы: Көктайғақ, күшті жел, тұман
«Қазгидромет» мамандары 24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алматы, NEGE. Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - жауын-шашын жауады. Күндіз елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында төпелеп жаңбыр мен қар жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашын жаумайды. Республиканың басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, күшті жел болады. Республиканың батыс жартысында, орталығында тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қарағанды облысының солтүстік-батысында күндіз - көктайғақ, бұрқасын.
Желдің жылдамдығы - 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Ақмола облысының оңтүстігінде - көктайғақ, күндіз - бұрқасын соғады. Жел қарқыны - 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде - көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с шамасында болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі, күндіз Атырау облысының солтүстік-батысында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Ақтөбе облысының шығысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел қарқыны - 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде - тұман, көктайғақ, облыстың шығысында - жаяу бұрқасын. Күндіз облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі, жел 15-20 м/с жетеді. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жел қарқыны - 15-20 м/с. Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.