USD
USD
USD

Бүгінгі ауа райы: Қар, жауын, көктайғақ

  Қазгидромет 21 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгінгі ауа райы: Қар, жауын, көктайғақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер анықтайтын болады, соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек шығыста және солтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында, орталығында тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл, батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Ақмола облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. күннің екінші жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, батысында, оңтүстік-батысында, солтсүстік-шығысында және облыстың таулы аудандарында соққан желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді.

Түркістан облысында түнде таулы аудандарында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз таулы аудандарында екпіні 23 м/с күшейеді. Қызылорда облысында таңертең және күндіз солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді. Маңғыстау облысының түнде батысында, солтүстік-шығысында тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс Казақстан облысында түнде шығыс облысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі, күндіз батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Алакөл ауданында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай облысының батысында, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі, батысында, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман болып, күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с күшейіп, солтүстігінде түнде тұман күтіледі. 

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік