USD
USD
USD

Бүгінгі ауа райы: Қар, тұман, бұрқасын

  Синоптиктер 4 қараша ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды«Қазгидромет» РМК.

Бүгінгі ауа райы: Қар, тұман, бұрқасын
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болады, сондықтан жауын-шашын жаумайды. Тек елдің оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында және тау бөктерінде қалың қар жауады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста тұман түседі. Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын көтеріледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз таулы асуларда жел жылдамдығы 30 м/с асуы мүмкін Жамбыл облысының солтүстік шығысында, оңтүстік батысында және таулы аудандарында тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Жел қарқыны - 15-20, 23-28 м/с шамасында. Алматы облысының шығысында, оңтүстігінде тұман және көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысының басым бөлігінде жел қарқыны - 15-20 м/с. Күндіз 23 м/с дейін жетеді, облыс орталығында шаңды дауыл соғады. Маңғыстау облысында желдің күші - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Жел қарқыны - 15-20 м/с. Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу

Жастар саясаттан алыстады ма, әлде саясат жастардан алыстады ма?

.