USD
USD
USD

Бүгінгі ауа райы қандай?

 «Қазгидромет» РМК мамандары бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.  Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады – найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

Бүгінгі ауа райы қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде күш ашық болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел екпіні - 15-20 м/с. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел қарқыны 25 м/с жетеді. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с болады. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Манғыстау облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады. Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов