USD
USD
USD

Бүгінгі ауа райы: Бұрқасын, қар, көктайғақ

  Қазгидромет 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады 

Бүгінгі ауа райы: Бұрқасын, қар, көктайғақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ертең, сейсенбіде Қазақстанның солтүстігінде атмосфералық ауа ағындары өтуінің әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Көбінесе қар жауады, желдің күшеюі, бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі. Ақмола облысының солтүстік жартысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с, өңірдің солтүстігіндегі жолдарда көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал. Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде - тұман, облыстың шығысында-15-20 м/с жел тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың батысында тұман болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с жел тұрады. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктері аудандарында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде және орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында, түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігі мен солтүстігінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел күшейеді, жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино