USD
USD
USD

Бүгінгі ауа райы: аптап, жел, найзағай

Циклонның әсерінен Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Бүгінгі ауа райы: аптап, жел, найзағай
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазгидромет мәліметінше, республиканың солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар бұршақ жауып, дауыл тұрады. Республиканың батысында, солтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Ақмола облысының басым бөлігінде найзай күтіледі, облыстың солтүстігінде батысында бұршақ болады, найзағай кезінде жел жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзғай, батысыныда шаңды дауыл күтіледі, батысында, шығысында, таулы аудандарда жел 17-22 м/с дейін күшейеді. Түркістан облысының кей уақытында найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ, батысында , солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, облыстың батысында, таулы аудандарында жел екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, солтүстік жартысында жел қарқыны - 15-20 м/с.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с жетеді. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай, солтүстік-батысында жел екпіні - 18 м/с. Қостанай облысының батысы мен шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, батыста, шығыста жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында дауыл, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай күтіледі, күндіз солтүстік-шығыста, орталықта жел қарқыны - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, таңертең және күндіз оңтүстікте, орталықта найзағай, дауыл, күндіз солтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси