USD
USD
USD

Бүгінгі ауа райы: аптап, найзағай, бұршақ

2 шілдеге арналған ауа райы болжамы қандай?

Бүгінгі ауа райы: аптап, найзағай, бұршақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Синоптиктер 2 шілде күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты. «Қазгидромет» РМК Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен ыстық және құрғақ ауа райы күтіледі.

Тек еліміздің батыс бөлігіне циклон жырасымен байланысқан атмосфералық фронттар әсер етеді. Салдарынан жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдайды.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жауады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Ақтөбе, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Жамбыл облысында бұршақ жауады.

Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл тұрады, желдің күші - 15-20 м/с.

Күндіз Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты, кей жерлерде өте қатты аптап ыстық сақталады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Ыстамбұлда жеті қабатты ғимараттың үшінші қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Ыстамұлда опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп