Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бүгінгі ауа райы

Жұма күні Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Бүгінгі  ауа райы
Фото: NEGE.kz

Aлматы. NEGE. Оңтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің себебінен республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Тек республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысы мен орталығында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Тек ҚР батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейеді, солтүстік-батысында – түнде және ертеңгісін тұман», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жауады, кейде нөсер жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +20+22, түнде +14+16.
Алматыда бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел тұрады, найзағай кезінде 10 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз +25+27, түнде +15+17.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +18+20.
Ақмола облысында жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22, түнде +8+13.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +25+30, түнде +12+17.
Қарағанды облысында жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл, 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +18+23 (оңтүстік-батысында +26+31), түнде +10+15 (оңтүстігінде +18).
Алматы облысында жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +14+19.
Түркістан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +25+33, түнде +15+20.
Павлодар облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +25+30, түнде +14+19.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +24+29, түнде +12+17.
Қостанай облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, тұман түсуі мүмкін. Күндіз +18+24 (оңтүстік-батысында +29), түнде +5+10 (оңтүстігінде +15).
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +20+25, түнде +11+16.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +30+35 (оңтүстігінде +27), түнде +17+22 (солтүстігінде +14).
Атырау облысында жауын-шашынсыз, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +15+20.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қауіптілігі күтіледі. Күндіз +28+33, түнде +12+17.
Ақтөбе облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +23+28 (оңтүстігінде +31), түнде +8+13 (оңтүстігінде +16).
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, қатты ыстық болады. Күндіз +27+32 (оңтүстігінде +35), түнде +13+18 (оңтүстігінде +22).
«Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады», - деп ескертті синоптиктер.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш