Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бүгінге арналған ауа райы: Шаңды дауыл, тұман, жел

Қазгидромет 6 маусымға арнаған ауа райы болжамын жариялады Еліміздің басым бөлігінде құб.

Бүгінге арналған ауа райы: Шаңды дауыл, тұман, жел
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін құбылмалы ауа райы болжанады. Найзағаймен жаңбыр жауып, бұршақ, дауыл, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында – тұман, оңтүстік-батысында – шаңды дауыл соғады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай, тұман, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Алматы облысының шығысында желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз таулы аудандарда найзағай күтіледі. Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың шығысында жел 15-20 м/с соғады. Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде – тұман, күндіз облыстың батысында – жел 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағаймен бірге жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысының орталығында, солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, облыстың орталығында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, жел 15 м/с күтіледі. Қарағанды облысының орталығында, шығыссында найзағай, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз оңтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында желдің күшеюі 15-20 м/с болады.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде және орталығында – найзағай, дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде – тұман түседі. Күндіз Атырау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф