Бүгін жаңбыр жауып, күн күркірейді
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, жаңбыр жауып, күн күркірейді, тек батысы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Алматы, NEGE. Республика бойынша кей жерлерде жел тұрады, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батысында тұман түседі, - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 9-14, ертеңгісін және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +16+18, түнде +13+15.
Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан 3-8, күн күркірегенде екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +23+25, түнде +18+20.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +31+33, түнде +16+18.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, найзағай, түнде жауын-шашынсыз, күн ысиды, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +30+35, түнде +10+15.
Ақмола облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, 15-20 дауыл соғады, кей жерлерде екпіні 25 м/с. Күндіз +13+18, түнде +8+13.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +12+17.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +28+33, түнде +17+22.
Жамбыл облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +27+32, түнде +17+22.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз +14+19, түнде +8+13.
Түркістан облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +30+35, түнде +16+21.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +17+22.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +22+27, түнде +10+15.
Қостанай облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с дейін жетеді. Күндіз +13+18, түнде +8+13.
Қарағанды облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +22+27, түнде +8+13.
Алматы облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +22+27, түнде +17+22.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +29+34, түнде +18+23.
Павлодар облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +22+27, түнде +17+22
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік- шығысындағы және шығысындағы су деңгейінің құбылуы байқалады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумағында өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.