USD
USD
USD

Бүгін үш облыста үсік жүреді

 «Қазгидромет» РМК-сы сәурдің 2-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін үш облыста үсік жүреді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазгидромет» мәліметтеріне қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағы антициклон жырасының ықпалында болады. Күн ашық. Тек елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына циклон жырасы әсер етеді және онымен байланысты фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, оңтүстігінде найзағай болады.

Республика бойынша еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында өте қатты жел соғып, оңтүстігінде – шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Жетісу облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарында желдің екпіні 30 м/с және одан да көп болады,

Түнде Алматы облысында 1-6 градус, Жетісу облысында 2-7 градус, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе