USD
USD
USD

Бүгін ұлттық құрылтайдың негізгі отырысы өтеді

Түркістанда ұлттық құрылтай өтеді. 

Бүгін ұлттық құрылтайдың негізгі отырысы өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында өткен болатын. Алқалы жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынған еді.

«Құрылтайдың әр аймақта өтуі сол өңірдің дамуына серпін береді. Оның мүшелері әр жолы бір өңірдің тыныс-тіршілігімен танысады», – деді Қ.Тоқаев.

Ал, қазір Ұлттық құрылтайдың басталуына санаулы ғана сағаттар қалды. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп жоспарланған.

Құрылтай өтетін алаң қазақтың 12 қанатты киіз үйі тәрізді безендірілген. Әр аймақтан жиналған түрлі сала өкілдері кеше Түркістанға келіп, алғашқы секциялық жұмыстарға қатысты.

Құрылтай барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдерін қамтиды. Мұнда азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесі, жаңаша ойлайтын жастардың тың идеялары ортаға салынады.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов