USD
USD
USD

Бүгін Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Астанаға келеді

Бүгін, 18 наурызда Ұлыбританияның Сыртқы істер және халықаралық даму жөніндегі мемлекеттік хатшысы, Парламенттің құрметті мүшесі Джеймс Клеверли Астанаға келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Астанаға келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің мәліметінше, Джеймс Клеверли  ҚР СІМ басшысы Мұқтар Тілеубердінің шақыртуымен келе жатыр. Сапар барысында  Ұлыбритания СІМ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен, премьер-министр Әлихан Смайыловпен және басқа да министрлермен кездесуі жоспарланған. 

Айта кетсек, қос саясаткер Лондонда 6 желтоқсанда Қазақстан-Британия стратегиялық диалогы кезінде кездекен.

"Бұл менің Қазақстанға алғашқы сапарым, соңғысы да болар қоймас деп үміттенемін. Мен осында келгеніме шын жүректен қуаныштымын. Сондай-ақ қысқа сапарым жексенбі күні өтетін маңызды Мәжіліс сайлауының алдында тұспа-тұс келгеніне ризамын", - дейді Джеймс Клеверли жергілікті БАҚ-қа берген сұқбатында.

Ол кейінгі 31 жыл ішіндегі екі ел арасындағы қарым-қатынастың сауда және инвестиция, қаржы және құқық, білім мен мәдениет, сондай-ақ қауіпсіздік саласында – бітімгершілік бойынша ынтымақтастық сияқты негізгі тұғырларын нығайта отырып, Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі қарай дамытуды жалғастыру жайын талқылауға ниетті екенін де жеткізеді. 

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай