USD
USD
USD

Бүгін Уимблдон турнирі басталады

Бүгін Лондонда теннистен Уимблдон турнирі басталады. Бұл – жылда өтетін төрт «Үлкен дулыға» жарысының бірі.

Бүгін Уимблдон турнирі басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы,NEGE. Өткен жылы пандемияға байланысты өтпей қалған Уимблдон додасында биыл Қазақстаннан жекелей сында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Александр Бублик және Михаил Кукушкин өнер көрсетеді.

Әлемнің 20-сыншы, осы жарыстың 18-ракеткасы Е.Рыбакина алғашқы кездесуін бүгін дүниежүзілік рейтингте 59-орында тұрған франциялық Кристина Младеновичпен өткізеді.

29 маусым күні әлемнің 43-ракеткасы Ю.Путинцева рейтингте 168-сатыдағы украиналық Леся Цуренкомен шеберлік байқасады.

Бірінші айналымда Зарина Диясқа қиындау қарсылас тап болды. Ол ертең әлемнің 56-ракеткасы, латвиялық Анастасия Севастовамен ойнайды.

Ерлер арасында Александр Бублик пен Михаил Кукушкин өзара кездеседі.

Сондай-ақ жұптық сында аталған теннисшілерге қоса Александр Недовесов, Андрей Голубев, Галина Воскобоева кортқа шығады.

Қазақстандықтардың осыған дейінгі үздік көрсеткіші Ярослава Шведованың еншісінде. Ол 2016 жылы ширек финалға дейін жеткен болатын.

Сондай-ақ Зарина Дияс 2014 және 2015 жылдары төртінші айналымда әлемнің мықтылары, румыниялық Симона Халеп пен ресейлік Мария Шараповаға есе жіберді.

Ерлер арасында Михаил Кукушкин 2019 жылы төртінші айналымға дейін жетті.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай