USD
USD
USD

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының финалы болады

Маусымның 10-нан 11-не қараған түні футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалы өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының финалы болады
Фото: NEGE.kz

Бұл күні «Манчестер Сити» (Англия) мен «Интер» (Италия) кездеседі.

Ойын елорда уақытымен 00:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесуде польшалық Шимон Марциняк бас төреші қызметін атқарады.

Оған отандастары Павел Сокольницки мен Томаш Листкевич көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - румыниялық Иштван Ковач.

Екі команда бұған дейін 2011 жылы жолдастық кездесу өткізген еді. Бұл ойында «Интер» 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазірге дейін аталған жарыстың топтық кезеңінде «Манчестер Сити» А тобында Германияның «Боруссия Дортмунд» (2:1, 0:0), Испанияның «Севилья» (4:0, 3:1), Данияның «Копенгаген» (5:0, 0:0) командаларымен кездесті.

Одан кейін Германияның «Лейпциг» (7:0, 1:1),«Бавария» (3:0, 1:1), Испанияның «Реал Мадрид» (1:1, 4:0) командаларын қапы қалдырып кетті.

Ал «Инетр» топтық кезеңде С тобында Германияның «Бавария» (0:2, 0:2), Испанияның «Барселона» (1:0, 3:3), Чехияның «Виктория Пльзень» (2:0, 4:0) клубтарымен сынға түсті.

Одан кейін Португалияның «Порту» (1:0, 0:0), «Бенфика» (2:0, 3:3), Италияның «Милан» (2:0, 1:0) клубтарынан басым түсті.

Айта кетсек, бұдан бұрын испаниялық «Севилья» UEFA Еуропа лигасында жеңімпаз атанған еді.

Сондай-ақ, «Вест Хэм Юнайтед» футболдан UEFA Конференция лигасында үздік болды.

Қазір оқып жатыр

Ресейде Қазақстаннан жеткізілген көліктер үшін 1 млн рубльге дейін қосымша төлем талап етілуде

утильалым

Францияда аптап ыстықта көлікте қалған екі бала көз жұмды

Аптап ыстық

Бурабайдағы Көкшетау тауына шығуға уақытша тыйым салынды

Бурабай

Тасымалдаушының «көмегіне» жүгінген алматылық 60 млн теңге шығынға ұшыраған

алаяқтық