USD
USD
USD

Бүгін Түркияда Ататүрікті еске алу күні

 19 мамыр Түркияда мемлекеттік мейрам. Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі.

Бүгін Түркияда Ататүрікті еске алу күні
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осыдан 102 жыл бұрын түрік елі шетелдік интервенцияға қарсы мобилизация жариялап, ұлт-азаттық күресті бастады. Бұл күн тәуелсіздік жолында ұлттық қозғалыстың негізін қалаушы жастарға арналған. Айта кетерлігі, 19 мамыр былтырдан бері алғаш рет халықтың тысқа шығуына рұқсат етілген алғашқы мейрам болды. Анкарадағы атаулы күн Ататүріктің Аныткабір кесенесінен басталды. Бұл күні мұнда ағылған халықта есеп жоқ. Ұзын-сонар кезек түзілген. Бұдан бөлек, бірқатар қалаларда мерекелік шеру өтті.

А Мұстафа Кемал Ататүрік қиын-қыстау кезеңде ұлы түрік ұлтына сенім артып, халқымызға күш- жігер берді. Түркия Республикасын құрды. Қазір халқы барлық мемлекеттік мейрамдарда Ататүрікті зиярат етеді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер