USD
USD
USD

Бүгін тұман, көктайғақ және күшті жел болады

Сейсенбі күні Қазақстанның төрт облысында тұман, көктайғақ және күшті жел күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Бүгін тұман, көктайғақ және күшті жел болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Күндіз 31 желтоқсанда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Орал қ.: күндіз 31 желтоқсанда тұман. Жел солтүстік-батыстан, күндіз екпіні 18 м/с. 31 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұрқасын күтіледі, солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады күші 15-20 м/с», – делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.

Сондай-ақ, 31 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

«Шымкент қ.: 31 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі. Түркістан қ.: 31 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі. 31 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады», – делінген хабарда.

Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95%.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары