USD
USD
USD

Бүгін теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады

Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды «Қазтелерадио».

Бүгін теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Бүгін сағат 03:00-17:00 аралығында (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Ал, тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Айта кетейік, жыл басында «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы ауысқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы