USD
USD
USD

 Бүгін Татарстанда – аза тұту күні

Ресейде Татарстанда құлаған ұшақ апатының себебі анықталғанға дейін L-410 әуе кемелерінің ұшуы уақытша тоқтатылды.

 Бүгін Татарстанда – аза тұту күні
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 11 қазан Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды. Татарстан Президенті Рустам Минниханов Мензелинск маңындағы 10 қазанда ұшақ апатына байланысты болған жиында осындай бұйрық шығарды, деп хабарлады «Татар-Информ» ақпарат агенттігі.

«Мензелинскте құрылған штаб жиналысында Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов 11 қазанды Татарстанда аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді», – деп хабарлады Татарстан президенті баспасөз қызметінің басшысы Лилия Галимова.

Ресейде Татарстанда құлаған ұшақ апатының себебі анықталғанға дейін L-410 әуе кемелерінің ұшуы уақытша тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Татарстанның Мензелинск қаласының маңында бортында 23 жолаушысы бар ұшақ құлады. L-410 ұшағының бортында 20 парашютші мен екі экипаж мүшесі болған. Ұшақ Мензелинск қаласындағы қону жолағынан ұшқаннан кейін құлаған.

Құлаған ұшақ 2014 жылға дейін қорғаныс министрлігінің балансында болған. Кейін әскери қимылдарға қатысудың ерікті бірлестігіне берілген. 

Алдын ала болжам бойынша ұшақтың құлауына оның шамадан тыс жүктемесі себеп болуы мүмкін. Ұшақ 19 адамға лайықталған. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан екі халықаралық банктен 460 млрд теңгеден астам қарыз алады

ақша

Батыс Қазақстан инвестиция тартуда қандай артықшылықтарға ие?

БҚО, инвестиция

Депутаттың компаниясы Шымкентте Hilton салуға ҚДБ-дан көмек сұрады

.

Иран футболшысы ФИФА мен 2026 жылғы әлем чемпионатын ұйымдастырушыларға шағымданды

Иран футболшылары