USD
USD
USD

Бүгін симптомды – 3113, симптомсыз – 813 науқас тіркелді

 8 және 14 маусым аралығында, бір апта ішінде симптоммен – 209 (2904-тен 3113-ке дейін), симптомсыз – 616 (197-ден 813-ке дейін) жаңа жағдай тіркелді. Өткен аптада 12 және 13 маусымда 324 адамнан анықталды.  

Бүгін симптомды – 3113, симптомсыз – 813 науқас тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бір аптада 150 науқас емдеуден шығарылды, емдеуден шығарылғандар саны 2056 адамға дейін артты. Егер ауырған адамдарды жас шамасы бойынша қарайтын болсақ, негізінен жастар арасында анықталуда. Мысалы, 20-29 жас санатының үлесіне жұқтырғандардың жалпы санының 36,8%-ы келеді, 30-39 жас санатының арасында – 18,9%, 40-49 жас санатының үлесіне – 14,5%, 50-59 жас санатының үлесіне – 11,7%, 60 жастан жоғары және одан да жоғары егде жастағы адамдар арасында жұқтырғандардың жалпы санының 8,1%-ы келеді. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер арасында тіркелген жағдайлар да бар, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 5,1% және 15-19 жастағы жасөспірімдер арасында-4,9%. 

Жұқпалы аурулар стационарларында жалпы 1226 адам жатыр, оның ішінде 57 бала бар. Барлық емдеуге жатқызылғандар арасында 5 адамның жай-күйі – өте ауыр, 62-інде – ауыр, 575 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде, 584 адамда – қанағаттанарлық жағдайда, симптомсыз – 55 адам бар. Симптомсыз ауырған адамдар тәуекел тобына кіретін науқастар екенін атап өткен жөн.

Өкінішке қарай, біз жағдайы ауырлаған пациенттер санының өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Соңғы аптада олардың саны 36-дан 62 адамға дейін өсті. Талдаулары оң нәтиже көрсеткенде және аурудың ешқандай белгісі болмаған жағдайда тіркелген жері бойынша емханаға, үйден шықпай-ақ қоңырау шалу немесе Сall-орталығына 3000-103 нөміріне жүгіну қажет.

Амбулаториялық жағдайдағы бақылауды МСАК мобильді бригадалары келесі алгоритмге сәйкес жүргізеді: күн сайын екі рет телефонмен хабарласу; жалпы жай-күйін, дене қызуын бағалау, сырқаттану бойынша шағымдарын (жөтелу, тыныс алудың қиындауы, әлсіздік, тершеңдік, диарея, бөртпе, миалгия және тағы басқа) анықтау, сатурация (мүмкін болғанда); қажет болған жағдайда бейне-консультация жүргізу, 3 күнде1 реттен жиі емес.

Аурудың симптомсыз түрі бар адамдарды медициналық бақылау оқшаулаудың 10-шы күнінде ПТР тексеруімен, немесе ПТР-тексеруінсіз 14-ші күнінде мұрын-жұтқыншақтан алынған жағындының бір рет теріс нәтижесінен кейін босатылады.

Емделуге COVID-19 диагнозы расталған, егер олардың температурасы 3 күн ішінде 38,5°С болса, сатурация (қанның оттегімен қанығуы) 95 пайыздан аз болса, екі өкпесінде де 25 пайыздан астам өзгерістері таралған пневмония белгілері бар (КТ нәтижелері болған жағдайда) науқакастар жатады.

 

Қазір оқып жатыр

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев

Маңғыстауда төрт бірдей кадрлық ауыс-түйіс болды

Ербол Ізбергенов

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту