USD
USD
USD

Бүгін сайлауалды үгіт-насихат басталады

Парламент Мәжілісі мен облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және Астана мәслихаттарының депутаттығына партиялық тізімдерді тіркеу кезең аяқталды.

Бүгін сайлауалды үгіт-насихат басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мажариторлық жүйеге байланысты тіркеу кешкі сағат 18:00-ге дейін жүре береді, ал пропорционалдық жүйеге қатысты барлық саяси партияның тізімдері бекітілді», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сонымен Мәжіліс сайлауына 7 партиялық тізім бойынша 281 кандидат тіркелді. Ал мәслихаттар сайлауында партиялық тізім бойынша 1447 үміткер бақ сынайды.

Бұдан бөлек бүгін саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне орналасу тәртібі белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясы оны жеребе тарту арқылы анықтады. Бүгін кешкі сағат 18:00-де сайлауалды үгіт-насихат басталады.

Қазір оқып жатыр

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік