USD
USD
USD

Бүгін НАТО-ның шұғыл саммиті өтеді

Бүгін Мәскеу уақыты бойынша 17.00-де Украинадағы жағдай бойынша НАТО-ның шұғыл саммиті өтпек. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байденнің жұмыс кестесінде көрсетілген, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Бүгін НАТО-ның шұғыл саммиті өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «9.00. Президент НАТО-ға мүше елдердің басшыларымен Украинадағы және оның айналасындағы қауіпсіздік мәселесін талқылау үшін бейнеконференция форматында шұғыл саммитте кездеседі», – делінген құжатта.

Келіссөздер жабық форматта өтеді. Бұдан бұрын АҚШ басшысы Солтүстік Атлантикалық альянстың саммитте әрі қарай өз қызметін нығайту мәселелерін қарастыратынын айтқан.

Одан бөлек, кездесуге НАТО-ға мүшелік етпейтін Финляндия мен Швеция шақырылды. Ресей президенті Владимир Путин 24 ақпан күні Украинада арнайы әскери операция жүргізуге бұйрық берді. Ресей басшысы Украина аумағын басып алудың Мәскеудің жоспарында жоқ екенін айтқан болатын.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі әскерилердің Украина қалаларына тиіспей, тек әскери инфрақұрылымды істен шығарып жатқанын хабарлаған. Ведомствоның мәлімдеуінше, қарапайым азаматтарға қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ