USD
USD
USD

Бүгін «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» телехикаясы эфирге шығады

  Бүгін «Qazaqstan» телеарнасы түсірген «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» телехикаясы эфирге шығады.

Бүгін «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» телехикаясы эфирге шығады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Телеарна мәліметінше, 4 бөлімді телехикая Мұқағали Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары - 1973 жылдан 1976 жылға дейінгі кезеңіне арналған және осы уақыт аралығындағы ақын өміріне бетбұрыс әкелген ірі оқиғалар қамтылады. Туындыда қаламгер тағдырының қиын-қыстау кезеңінде шығармашылығын мойындап, жанынан табылған ұлт тұлғалары - Бауыржан Момышұлы, Асқар Сүлейменов, Тоқаш Бердияров, Нұрғиса Тілендиев, Фариза Оңғарсынованың бейнелері бар. Басты рөлді белгілі актер Азамат Сатыбалды, жары Лашын Әзімжанованың рөлін Ақбота Қаймақбаева, Бауыржан Момышұлын Бақытжан Әлпейіс, Нұрғиса Тілендиевтің рөлін Бақыт Беделхан, Асқар Сүлейменовты Мақсат Сәбитов, досы Тоқаш Бердияровтың рөлін Рүстем Жаныаманов, Фариза Оңғарсынованың рөлін Ажарлым Мағзұм ойнайды. Телехикая режиссері – Дархан Сәркенов, сценарий авторы – Қанат Рамазан.

«Телехикаяның әр бөлімінде ақынның жан-дүниесіне төңкеріс әкелген негізгі тылсым оқиғаларды өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының келбетімен көрсетеміз. Телехикаяны көре отырып, көреремен «қазақ поэзиясының мұзбалағы» атанған ақынның қай ғасырда болсын ізі өшпейтіні, оны уақыт өткен сайын өзгеше зерттей беретінімізді түсінеді. Телехикая Мұқағали Мақатаевтың бүгінге дейін жұмбақ болып келген құпияларына үңілу арқылы Мұқағали феноменінің өзгеше тұстарын ашуды мақсат тұтады», – дейді сценарий авторы Қ.Рамазан. Телехикаяның түсірілім жұмыстары Алматы қаласы мен Алматы облысында өтті. «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» тарихи телехикаясы «Qazaqstan» телеарнасынан 5, 6 ақпан күндері сағат 20:50-де эфирге шығады.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы