USD
USD
USD

Бүгін Кемел Тоқаевтың туғанына – 100 жыл

Бүгін Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, журналист, жазушы, қазақ әдебиетіне шытырман оқиғалы детектив жанрын алып келген қарымды қаламгер Кемел Тоқаевтың туғанына – 100 жыл. 

Бүгін Кемел Тоқаевтың туғанына – 100 жыл
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGEКемел Тоқаев 1923 жылы 2 қазанда қазіргі Жетісу облысы, Қаратал ауданында дүниеге келген. Зұлмат соғыстың зардабын көрген азамат бозбала шағында майдан даласына аттанады. Екінші дүниежүзілік сұрапыл соғыста қаһармандық танытып, қанды қасапта атой салған ол жеңіске жету жолында жанын беруге дайын еді. От пен оқтың, талай қантөгістің ортасында жүріп, ерлігімен танылды. Кейінірек Украина, Беларусь, Польша секілді мемлекеттерді азат ету операцияларына қатысты. Қан майданда бірнеше рет ауыр жараланып, елге оралуға мәжбүр болады. Сұрапыл соғыста ерен ерлігімен танылған батыр «Ерлігі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» секілді төсбелгілермен марапатталады.

Соғыс аяқталғаннан кейін Қазақ Ұлттық университетіне оқуға түсіп, оны тамамдаған соң «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» секілді ірі басылымдарда еңбек жолын бастады. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі «Ведомостінде» бас редактор, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болды. Оннан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылды. Детектив жанрын қолға алып, «Қазақ детективінің атасы» ретінде танылды.

Ол тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл Орта Азия әдебиетінде детектив жанрының негізін салушы. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс

Нью-Йорк подиумындағы тосын сәт: шапан киіп шыққан қазақстандық жұрт назарын аударды

Сән көрсетіліменде сахнаға шыққан блогер

Қазақстанда мобильді аударым лимиті 1 млн теңгеге дейін өсуі мүмкін

Қоңырау

Қазақстан мен Корея: саяси диалогтан технологиялық әріптестікке

Жансая Нұралиева