USD
USD
USD

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Қазгидромет 21 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғысынша антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, найзағай болады. Республика бойынша желдің күшейюі, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында бұршақ күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл, облыстың солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының батысында шаңды дауыл күтіледі, таулы аудандарында және батысында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз таулы аудандарында найзағай болады.

Қызылорда облысының оңтүстік–шығысында және оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында және оңтүстік-батысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады, Ақмола облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысы, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев