Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бүгін қар, күшті жел, көктайғақ күтіледі

Сәрсенбі күні елімізде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Бүгін қар, күшті жел, көктайғақ күтіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына Салехард аймағынан келетін циклон әсер етеді. Осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел қарқыны - 15-20 м/с. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз желдің екпіні 23 м/с жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел жылдамдығы 25 м/с дейін күшейеді. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында күндіз желдің күші15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында жел қарқыны - 15-20 м/с. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz