USD
USD
USD

Бүгін қалың қар түсіп, боран соғады

Жұма күні еліміздің солтүстігі мен шығысында, қалың қар түсіп, боран соғады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Бүгін қалың қар түсіп, боран соғады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «6 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерінде жауын-шашын түсіп, солтүстікте, шығыста және оңтүстіктің кей жерлерінде қалық қар аралас жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында ғана антициклонның ықпалымен күн райы ашық болады. Республиканың кей жерлерінде – тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, жел күшейеді. Қазақстанның солтүстігі мен шығысында 30 м/с және одан аса өтте қатты жел күтіледі», деліген ауа райы болжамында.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде 30 м/с және одан аса күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қостанай, Павлодар облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, коктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

 

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов