USD
USD
USD

Бүгін Халықаралық астрология күні

Бұл датаның Әз-Наурызбен тікелей байланысы барын бірі білсе, енді бірі біле бермейді. Жаңа астрологиялық жылдың ұлық мерекеден басталуы да бекер емес.

Бүгін Халықаралық астрология күні
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мейрам қарсаңында астрологтар не дейді? Тарихшылардың пікірі қандай? Біз білетін қазіргі жұлдызнама және күллі түркі жұрты үшін қасиетті саналатын Наурыз мейрамының түп тамыры ежелгі Шумер өркениетінен бастау алуы мүмкін. Кейбір әлемдік тарихшылар осы тұжырымға басымдық беретіні белгілі. Бірақ мұны көпшілік біле бермейді. Жұлдызнамадағы бірінші белгі Тоқтының 21 наурыздан басталуы да сондықтан. Ендеше астрологтардың жыл басы қарсаңындағы болжамы қандай?

Астролог Гүлмира Махметова: "Жаңа астрологиялық жыл Күн алғашқы градусына яғни жұлдызнамадағы Тоқты белгісіне ауысқанда басталады. Бұл ғарыш қуатының жаңаратын және қайта туатын кезеңі. 2021 жыл былтырмен салыстырғанда астрологиялық құбылыстарға бай болмайды. Біріншіден, биыл кібісе жыл емес. Күн мен Айдың тұтылуы сиреп, кертартпа ғаламшарлар болмайды. Жаһанды дүрліктірген індет қаупі кезең-кезеңімен сейіледі. Білім қуып, біліктілігін арттырғандардың еңбегі зая кетпейді", - дейді. 

 Ал белгілі тарихшы Ержан Өмірханұлының айтуынша, Ұлыстың ұлы күнін белгілі бір өркениетке жатқызу әсте дұрыс емес. Көктемнің шуақты күндерін қарсы алу ауыл шаруашылығымен айналысқан әр халыққа ортақ дәстүр. "Мұны белгілі бір дәрежеде сақталып қалған. Мәселен, түркі халықтарының арасындағы кейбір мерекелер. Мәселен, өзімізбен қандас башқұрт халқы бар. Сонда «қарға тойы» дейтін мереке бар. Ұзақ құсы ұшып келген кезде үлкен тауға барып, сол жерде қарғаларға азық береді. Міне осының өзінен ақ бұның тек қана сол парсылар жағына ғана емес, түркілік сипаты да бар екенін көруге болады" дейді тарихшы.

  Байырғы заманда көктемгі мереке кәрі құрлықта да кеңінен тойланған. Кейбір елдер мен қалаларда әлі күнге дейін аталып өтеді. Мәселен, Испанияның Валенсия қаласында Лас-Фальяс мейрамы бар. Әлемдік фестивальге айналған «от мерекесі» 15 наурыздан басталып бір жұма бойы жалғасады. Көнеден келе жатқан айтулы күндер Еуропаға дін келгелі ұмыт бола бастаған. Ал түркі жұрты дін мен дәстүр сабақтастығын мейілінше бұзбаған.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар