USD
USD
USD

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады

Бүгін, 18 тамызда OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады, деп хабарлайды Olympic.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттік органдардың талабымен ойындардың барлығы арнайы медициналық хаттаманың ережелеріне сәйкес қатаң бақылауда өтеді. Аталған құжат жарыстарды қабылдайтын спорт ғимараттарында санитариялық-эпидемиологиялық режимді қатаң сақтау үшін жүргізілетін жол картасы болмақ. Қазіргі уақытта ойындардың барлығы «Алматы/Талғар» локациясында жанкүйерлерсіз өтеді.

Стадиондарда жұмыс істейтін қызметкерлердің саны да шектеулі болмақ. Ел чемпионатына қатысатын әр клуб өзгелермен жақын қарым-қатынас орнатпауы, карантин режимінде қонақүйге орналасуы тиіс. Ойыншылар мен бапкерлер, сонымен қатар, жарысты ұйымдастыруға қатысатын басқа да адамдар коронавирус індетін анықтайтын сынақты үнемі тапсырып отырады. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қадағалайды.

Ойындардың басталу уақыты

18.08.2020 «Каспий» (Ақтау) – «Қайрат» (Алматы) 17:00 Төрешілер: Денис Тевяшов (Орал), Денис Лабашов (Атырау), Юрий Тихонюк (Ақтөбе) Резерв төреші: Бағдат Абдоллаев (Қаратау) Инспектор: Сергей Цареградский (Алматы)

18.08.2020 «Жетісу» (Талдықорған) – «Ордабасы» (Шымкент)

19:00 Төрешілер: Артём Кучин (Қарағанды), Серік Жаппасбаев, Ғалымжан Айжігітов (екеуі де - Қызылорда) Резерв төреші: Данияр Сахи (Қызылорда) Инспектор: Нұржан Доскеев (Алматы)

18.08.2020 «Тараз» (Тараз) – «Қызыл-Жар» (Петропавл)

21:00 Төрешілер: Рүстем Омаров, Сергей Васютин, Самат Тергеусізов (барлығы - Алматы) Резерв төреші: Тимур Кумашев (Нұр-Сұлтан) Инспектор: Александр Перемитин (Алматы)

19.08.2020 «Шахтёр» (Қарағанды) – «Қайсар» (Қызылорда)

18:00 Төрешілер: Денис Измайлов (Талдықорған), Евгений Бельский (Тараз), Иван Навроцкий (Нұр-Сұлтан) Резерв төреші: Айдын Рахымбаев (Алматы) Инспектор: Виталий Каган (Алматы) IV турдағы «Тобыл» (Қостанай) – «Астана» (Нұр-Сұлтан) матчы елордалық клубтың УЕФА Чемпиондар лигасына қатысуына байланысты 25.08.2020 ауыстырылған.

Ойындардың барлығы, сонымен қатар, 18 тамыздан 19 тамызға қараған түні УЕФА Чемпиондар Лигасындағы «Динамо» (Брест, Беларусь) – «Астана» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) матчы «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Хан шатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Ақорда

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Халық банк