USD
USD
USD

Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігі басталады

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді.

Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігі басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді,

Биылғы доп додасында барлығы 14 команда бақ сынайды. Олар екі айналым жүйесі бойынша шеберлік байқасады.

Алғашқы тур ойындары 13 және 14 наурыз күндеріне белгіленген. Бүгін, 13 наурызда алты команда өзара кездеседі. Доп додасының шымылдығын «Қайрат» (Алматы) - «Жетісу» (Талдықорған) командалары ашады. Бұл ойын 15.00-ге белгіленген. Одан кейін 16.00-де «Атырау» мен «Шахтер» (Қарағанды), 17.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан) клубтары жасыл алаңға шығады. Ал 14 наурызда қалған төрт ойын болады. Алдымен 15.00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе», «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавл), 17.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тараз», «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақжайық» (Орал) командалары шеберлік байқасады. Айта кетейік, ел біріншілігі 30 қазанда мәресіне жетеді. Әрбір команда 26 ойыннан өткізеді. Естеріңізге сала кетелік, футболдан Қазақстан суперкубогінде «Тобыл» командасы жеңімпаз атанған болатын.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.