USD
USD
USD

Бүгін футболдан ел біріншілігінің 14-туры өтеді

 19 маусымда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің он төртінші туры өтеді. 

Бүгін футболдан ел біріншілігінің 14-туры өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Он төртінші тур ойындарының барлығы бір күнге белгіленген. Мамандар аталған турдағы басты ойын ретінде Қостанайдың «Тобыл» және Ақтаудың «Каспий» командалары арасындағы кездесуді атайды. Өткен жылғы ел чемпионы - «Тобыл» қазір турнир кестесінде бесінші орында тұрса, ақтаулық клуб көш басында келеді. Аталған кездесу елорда уақытымен 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ, он төртінші турда «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тараз», «Қайрат» (Алматы) пен «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Атырау» мен «Ақтөбе», «Тұран» (Түркістан) мен «Ақжайық» (Орал), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Ақсу» (Павлодар облысы) клубтары кездеседі. Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық клубтардың UEFA лигасындағы қарсыластары анықталды.

Қазір оқып жатыр

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады