USD
USD
USD

Бүгін Еуропа чемпионатының финалы өтеді

 Лондондағы «Уэмбли» стадионында Италия мен Англия кездеседі.

Бүгін Еуропа чемпионатының финалы өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кімнің мықты екенін дәл қазір тап басып айту қиын. Гарет Саутгейт шәкірттері Англия тарихында тұңғыш рет шешуші матчта өнер көрсетейін деп отыр. Италия үш бірдей финалда ойнаса да, құрлық кубогын бір-ақ рет ұстанды. Қарсыластар бұған дейін 13 рет кездескен екен. «Скуадра адзурра» жеті рет жеңіске жетіп, үш матчта тең түсті. Финалдың «Уэмблиде» өтетінін ескерсек, стадионға келушілердің басым көпшілігі кімді қолдайтынын түсіну қиынға соқпас. Ағылшындар сапында жарақат алған ойыншы жоқ. Саутгейт ең алдымен  Стерлинг пен Харри Кэйнге сенім артатыны сөзсіз.

Осы екі футболшының ойын өрнегі көп мәселені шешеді. Роберто Манчини командасында тасқамал қорғаушылар Леонардо Бонуччи мен Джорджо Кьеллини бар. Бельгия қарсы кездесуде негізгі қорғаушылардың бірі Спинаццола жарақат алып қалды. Испаниямен кезде оның орнын Эмерсон Паль-мери басты. Және жақсы ойнап шықты. Лондондағы матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі сағат 01:00-де басталады.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай