USD
USD
USD

Бүгін еліміздің кей жерлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" РМК-сы тамыздың 20-сы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Бүгін еліміздің кей жерлерінде үсік жүреді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, елдің шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда бұршақ жауады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, елдің шығысында түнде және таңертең тұман түседі, солтүстікте, шығыста, республиканың орталығында түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Бесқарағай ауданында Абай облысының төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры