USD
USD
USD

Бүгін елдің барлық өңірінде сенбілік өтті

 Бүгін ала таңнан ел тұрғындары сыпырғышы мен күрегін сайлап, көшеге шықты, деп жазды 24.kz

Бүгін елдің барлық өңірінде сенбілік өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүкіләлемдік тазалық күніне» орайластырылған іс-шараға мыңдаған қазақстандық атсалысты. Жыл сайын өтетін тазалық акциясы тұрғындардың назарын қоршаған ортаны қорғау мәселесіне аударуды, сондай-ақ қоғамда, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейді.

Астанада жалпықалалық сенбілікке 56 мыңнан аса адам жұмылды. Түске дейін 100 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сондай-ақ қала көшелеріне 1200-ге жуық шыбық отырғызылды. Егілген шыбық арасында қарағаш, үйеңкі, қарағай ағаштары бар.

- Өздеріңе мәлім, жылына 4,5 миллион тоннадай қатты қоқыс жиналады. Соның 27%-і ғана сұрыпталып, қайта өңделеді. Осы біздің қазіргі концепциямыз бойынша жасыл экономикаға көшу жөніндегі сонда біз 30-шы жылға осы көрсеткішті 40%-ке жеткізу көзделіп отыр. Бүгін сол жағынан жұмыс жасалынып жатыр, -деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс