USD
USD
USD

Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?

 Синоптиктер 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның басым бөлігі әлі де Атлантикалық циклонның ықпалында болғандықтан республикамыздың басым бөлігінде қар жауады. Күндіз республиканың шығысында қатты жауын-шашын болады. Республиканың басым бөлігінде - көктайғақ, күшті жел, бұрқасын, көктайғақ, батысында - тұман сақталады. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды. Шығыс Қазақстан облысында желдің күші - 15-20 м/с, облыстың батысында, шығысында жел жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, батысында, солтүстік және шығысында бұрқасын, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында желдің күші - 15-20 м/с, облыстың батысы мен солтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Батысында, солтүстігі мен шығысында - бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде - тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші - 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығыс және оңтүстік-шығысында жел қарқыны 23-28 м/с жетеді, облыстың солтүстігінде, шығыс және оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Павлодар облысында желдің күші - 15-20 м/с. Облыстың батысы және оңтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде – жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Қостанай облысында желдің күші - 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с шамасында болады. Облыстың шығысында және оңтүстігінде - бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Ақмола облысында бұрқасын, желдің күші - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Ақтөбе облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың шығысында желдің қарқыны 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батыста және таулы аудандарда желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырау облысының батысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болады. Алматы облысының Алакөл ауданында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов

«Қазақмыста» тағы да еңбек дауы: кеншілер басшылыққа қандай талап қойды?

.